Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығын орындау мақсатында, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың, сондай-ақ басқа да жоғары контагиозды инфекциялық аурулардың Қарағанды облысының аумағына енуі мен таралуының алдын алу үшін 2026 жылғы 29 қазанда Қарағанды теміржол вокзалында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалының, Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция басқармасының, облыстық клиникалық аурухананың, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің, «Life» ЖШС Қарағанды теміржол вокзалының медициналық пунктінің және «Шаман Секьюрити» ЖШС күзет қызметінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында инфекцияның ықтимал жағдайларына жедел ден қою дайындығын арттыру мақсатында барлық қызметтер арасында ақпарат алмасу мен іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру және аса қауіпті инфекция (оба) белгілері бар пациент анықталған жағдайда өзара іс-қимыл алгоритмі мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында алдағы оқу-жаттығуды өткізуге қатысты қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар беріліп, оны өткізу тәртібі нақтыланды және қатысушылардың бірыңғай түсінігі қамтамасыз етілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары