Тифлотехникалық құралдар — көру қабілеті бұзылған адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге арналған арнайы құрылғылар. Олар ақпарат алуға, жазуға, уақытты білуге және күнделікті жұмыстарды өз бетінше орындауға көмектеседі.
Ендеше, бұл құралдар қандай мерзімде ауыстырылады?
Біріншіден, екі жылда бір реттен ерте емес ақ таяқ пен Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель ауыстырылады.
Екіншіден, бір жылда бір реттен ерте емес Брайль қарпімен жазуға арналған 1500 парақ арнайы қағаз беріледі.
Үшіншіден, бес жылда бір реттен ерте емес арнайы ноутбук, мәтінді оқуға арналған құрылғылар, дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондар, дыбыс ойнатқыштар, арнайы сағаттар, сөйлейтін термометр, қан қысымын өлшейтін тонометр, қандағы қант деңгейін өлшейтін глюкометр және басқа да тифлотехникалық құралдар ауыстырылады.
Бұл құралдар көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратты қолжетімді түрде алуына және күнделікті өмірде өздігінен әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Құрметті тұрғындар! Құралдарды ауыстыру кезінде әр құралға белгіленген мерзімді ескеру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгіне аласыз.









