Қызылорда облысы әкімдігінде терроризмге қарсы мәселелері талқыланды

    Қызылорда облысы әкімдігінде терроризмге қарсы іс-қимыл және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға облыс аумағындағы сала бойынша басқарма басшылары қатысты.

    Кездесу барысында террористтік қауіптің алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау, мемлекеттік нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету және саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, террористтік қауіптер сценарийлеріне сәйкес жедел әрекет ету, жауапты тұлғалардың міндеттері мен мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл әрекеттеріне назар аударылды.

    Іс-шара қорытындысы бойынша террористтік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін жоғарылату бойынша алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу және жауапты мекемелердің өзара байланысын нығайту қажеттігі атап өтілді.

    ҚР ҰҚК Қызылорда облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары