ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Арыс қалалық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен Сарыағаш ауданы «2020» Шекара әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне терроризм қаупіне жедел ден қою мәселелерін жетілдіру, және күдікті заттар анықталған жағдайда дереу әрекет ету алгоритмдерін түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналыста ҰҚК қызметкерлері терроризм қаупі орын алған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін түсіндірді.
Түсіндіру барысында ҰҚКД-мен жасалған бейнематериал көрсетіліп, теориялық дағдылары арттырылды.
Арыс қаласында күдікті жарылғыш заттар болуы мүмкін құралдардың көп анықталуына байланысты, жауапты қызметкерлерінің жедел ден қою әрекеттері пысықталды.
Күдікті зат анықталған оқиға орнын қоршауға алу, жедел-тергеу тобының негізгі міндеттері және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы түсіндірілді.
Сонымен бірге, көршілес мемлекеттерде орын алып жатқан соңғы саяси оқиғаларға сәйкес, террористік қауіптің жаңа түрлері мен олардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс қорытындысымен нақты ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









