Қызылорда қаласындағы тұрғындармен «Діни білімнің болуы қазіргі қоғамның басты аспектісі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесулер өтті.
Іс-шарамен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сауда орталықтарындағы сатушылар, басқада халыққа қызмет көрсететін орындардағы адамдар ортасы қамтылып, оларға радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін қаупі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, мұндай ұйымдардың негізгі мақсаты – қоғам тұрақтылығын бұзу, жастарды теріс бағытқа тарту және заңсыз әрекеттерге итермелеу екені ескертілді.
Сонымен бірге, «жылдам табыс» немесе «жарқын болашақ» уәделері арқылы азаматтарды алдап, өз мүдделеріне пайдаланатын ұйымдардың шынайы ниеті ескертіліп, акция аясында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, күмәнді діни және идеологиялық ағымдардың белгілері туралы мәлімет берілді.
Мамандар интернеттегі ақпаратқа сын көзбен қарау, дінтанулық сауаттылықты арттыру және отбасы тәрбиесінің маңыздылығын атап өтті.
Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









