Батыс Қазақстан облысында келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді

    Батыс Қазақстан облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың келіссөздер жүргізу тобының дербес оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – келіссөздер жүргізу процесіне тартылған мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ төтенше және дағдарыстық жағдайлар кезінде топ мүшелерінің өзара іс-қимылы мен іс-әрекеттерінің үйлесімділігін арттыру.

    Оқу-жаттығу барысында келіссөздер жүргізудің психологиялық, діни және теологиялық аспектілері, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу кезінде келіссөздер тобы жұмысының ерекшеліктері қарастырылды.

    Келіссөздер процесін ұйымдастыру, мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және оқу жағдайы барысында практикалық дағдыларды пысықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Теориялық білімді бекіту мақсатында осындай оқу-жаттығуларды өткізу бойынша практикалық тәжірибені көрсететін бейнематериалдар пайдаланылды.

    Осындай оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және дағдарыстық жағдайларға ден қою кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін нығайтуға ықпал етеді.

    Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары