Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    1 / 8

    Ірімшік пен шұжықтан бастап тұрмыстық техника, балалар ойын алаңдары, автобустар мен арнайы техникаға дейін – Қарағанды облысындағы 80-ге жуық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңінде өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Кәсіпкерлер күніне орай ұйымдастырылған көрмеге ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, шағын өндіріс орындары мен қолөнер шеберханалары қатысты.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    — Қарағанды облысында 100 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысы отандық өндірісті өркендетіп, қазақстандық өнімнің сапасын арттыру міндетін қойып отыр. Бүгінгі көрме өңір кәсіпкерлерінің осы бағытта нәтижелі жұмыс істеп жатқанын айқын көрсетеді. Жергілікті кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және жаңа нарықтарға жол ашуда, - деді облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков кәсіпкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Сапа саласындағы жетістіктері үшін облыс әкімінің арнайы жүлдесі «QazTehna» кәсіпорнына бұйырды. Компания жылына шамамен 1 600 автобус пен 1 200 бірлік коммерциялық техника шығарады.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Сонымен қатар өндірісті оқшаулау деңгейін кезең-кезеңімен арттырып келеді. Бұған ірі тораптарды құрастырумен қатар, автобус қаңқасының металл бөлшектерін өз өндірісінде дайындауды жолға қоюы дәлел.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    — Біздің ең басты жетістігіміз — өнімдеріміздің Қазақстанның барлық өңірінде қолданысқа ие болуы. Автобус техникасы нарығының 70 пайыздан астамы біздің модельдердің үлесіне тиесілі. Еңбегіміздің еленіп, атқарып жатқан жұмысымызға лайықты баға берілгені қуантады, - деді «QazTehna» компаниясының бас директорының орынбасары Георгий Когай.

    Биыл байқау шеңберінде «Инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізгені үшін» атты жаңа арнайы аталым тағайындалды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Бұл номинацияда «Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі жеңімпаз атанды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Негізгі байқау үш аталым бойынша өтіп, қазылар алқасы әр бағытта үш жеңімпаздан, барлығы тоғыз кәсіпорынды үздік деп таныды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Азия-СМ», «Бёмер Арматура» және «Инкар-I» компанияларының өнімі жоғары бағаланды. Олар антифриз, арматура, шарлы крандар, сондай-ақ өнеркәсіптік және арнайы технологиялық жабдықтар өндіреді.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында тұрмыстық техника шығаратын «SilkRoad Electronics», Қарағанды металл бұйымдары зауыты және шаруашылық пен санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіретін Sunpaper компаниясы жеңімпаздар қатарынан көрінді.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Ал «Азық-түлік тауарлары» аталымында Шет ауданындағы «Ауыл Дәмі» брендімен өнім шығаратын «Сыр өнімдері» кәсіпорны, бие мен түйе сүтін сублимация әдісімен өңдейтін «SaumalBioTech» және бидай ұнын өндіретін «Сарыарқа-ұн» компаниясы үздік деп танылды.

    «Сыр өнімдері» кәсіпорны үшін бұл алғашқы марапат емес. 2025 жылы ол «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалына шығып, өндірістік жабдықтарын жаңғыртуға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының грантын иеленген.

    Қазір кәсіпорында сүт өнімдерінің 30-ға жуық түрі шығарылады. Мұнда тәулігіне 500 литрге дейін сүт өңделеді. Шикізат өз шаруашылығынан және Шет ауданындағы фермерлерден жеткізіледі. Өнімнің 100 пайызы жергілікті шикізаттан дайындалып, ауданнан тыс жерлерге де жөнелтіледі.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    — Алғашында өндіріс көлемі шағын болды. Өз қожалығымыздағы сүтті өңдеп, сүзбе, сары май мен йогурт дайындаудан бастадық. Кейін өнім түрлерін көбейтуді ұйғардық. Гранттың арқасында қажетті жабдықтар сатып алып, жұмысшылар қабылдадық. Былтыр жеке өндірістік цехымызды салдық. Өнімдеріміз түгелдей табиғи шикізаттан дайындалады. Тұтынушылардың бізге қайта-қайта оралуының себебі де осында деп ойлаймын. Өйткені әр өнімнің басты құндылығы — сапасы мен оны дайындауға жұмсалған еңбек пен ықылас, - деді кәсіпорынның негізін қалаушы Жанар Қантарбаева.

    Кәсіпкерлер күніне орай өңірдің бірқатар кәсіпорны мен кәсіпкерлері арнайы марапаттарға ие болды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Үздік салық төлеушілер қатарында «KERABLOK», «КазСолар 50» және Qarmet компаниялары аталды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    «Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес» аталымында Нұра ауданындағы Мұзбел ауылын дамытуға үлес қосып жүрген «Пржевальское» ЖШС марапатталды.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Ал өңірдің үздік сауда нысаны деп «Норма» супермаркеті танылды.

    Өңірлік кезеңде жеңімпаз атанған кәсіпорындар республикалық байқауда Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.

    Қарағанды облысында үздік тауар өндірушілер анықталды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары