Қарағандыда 31 қазанда «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтеді

    Осы сенбі, 31 қазанда қарағандылықтар жергілікті өнімдерді нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Кезекті «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 9:00-де Байкен Әшімов көшесіндегі жаңа алаңда басталады.

    Қарағандыда 31 қазанда «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтеді

    Жәрмеңке сөрелерінен көкөніс, ет, тауық жұмыртқасы мен сүт өнімдерін, сондай-ақ жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарларын сатып алуғп болады. Мұнда тұрғындар қажетті азық-түлікті делдалсыз, тікелей фермерлерден сатып алып, өңірдің отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсете алады.

    Қарағандыда 31 қазанда «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтеді

    Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сұрыптау және Пришахтинск шағынаудандарынан Әшімов көшесіне дейін қосымша автобус бағыттары қатынайды. Бұдан бөлек, жәрмеңке өтетін орынға № 19, 31, 65, 66 және 70 автобустарымен де жетуге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары