Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Қарағанды облысындағы Saran индустриялық аймағында тас мақта өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Кәсіпорынның ашылуы отандық құрылыс материалдарының өндірісін өрістетіп, ішкі нарықтың сұранысын жергілікті өнім есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елдің барлық өңірінде инфрақұрылымды кеңінен дамытуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы да құрылыс материалдарына деген сұранысты арттыруға ықпал етпек.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Кәсіпорын жылына 1,2 миллион текше метрге дейін жылу оқшаулағыш материал өндіруге қауқарлы. Өнім тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіптік нысандарды салу кезінде қолданылады. Жаңа өндіріс құрылыс саласын отандық өніммен қамтуға жол ашып, импортқа тәуелділікті төмендетуге септігін тигізеді.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Жобаға 67 миллиард теңге инвестиция салынған. Қаржы толығымен компанияның жеке қаражатынан құйылған.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Кәсіпорынның өзінде 186 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, оған қызмет көрсететін және сервистік ұйымдарда шамамен 1,5 мың адам жұмыспен қамтылады.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    – Бұл – өңір үшін стратегиялық маңызы бар өндіріс орны. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің барлық өңірін қамтитын «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасын жариялады. Бұл бастама құрылыс саласына тың серпін беріп, отандық материалдарға сұранысты арттырады. Тас мақта – қазіргі құрылыста кеңінен қолданылатын, сұранысқа ие жылу оқшаулағыш материал. Ең бастысы, оның сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті болуы керек. Жаңа зауыт өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Тас мақта базальт және жанартаулық текті өзге де тау жыныстарынан өндіріледі. Жылу оқшаулағыш қасиеті жоғары бұл материал жеке тұрғын үйлерден бастап ірі өнеркәсіптік кешендерге дейінгі түрлі нысандардың құрылысында қолданылады.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    – Тас мақта шатырларды, ғимараттардың қасбеттері мен едендерін, ішкі қабырғалар мен қалқаларды жылу оқшаулауға, сондай-ақ сэндвич-панельдер өндіруге пайдаланылады. Оның басты артықшылықтары – табиғи шикізаттан жасалуы және экологиялық қасиеттері. Материалдың негізін базальт пен жанартаулық текті басқа да тау жыныстары құрайды. Жылу өткізгіштігінің төмендігі ғимараттардың жылуын сақтауға, энергия тиімділігін арттыруға және ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді «Karaganda Insulation» ЖШС бас директорының орынбасары Данияр Мұхамеджанов.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Өндірістік кешен заманауи еуропалық жабдықтармен жарақтандырылған. Кәсіпорын жергілікті шикізатты, оның ішінде Балқаш маңындағы кен орнынан алынатын шикізатты пайдаланады. Зауыт толық өндірістік қуатына шыққан соң, өңірдегі логистика саласы мен өндірістік қызмет көрсету бағыттарының дамуына да тың серпін бермек.

    Қарағанды облысында тас мақта өндіріле бастады

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары