Азаматтардың қырағылығының арқасында табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің жолы кесілді

    1 / 2

    Жетісу облысының полицейлері бейжай қарамайтын азаматтардың қырағылығы мен уақытылы түскен ақпараттың арқасында Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінде құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті.

    Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактісін анықтады. Тексеру барысында құқық бұзушыларда тиісті рұқсат құжаттарының болмағаны белгілі болды.

    Аталған факті бойынша қажетті материалдар жиналып, тиісті шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

    Табиғи ресурстарды заңсыз өндіру қоршаған ортаға зиян келтіріп, табиғи тепе-теңдікті бұзады және экологияға қауіп төндіреді.

    Полиция тұрғындарды табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілері туралы хабарлауға шақырады. Табиғи байлықтарды сақтау — баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары