Ұжымдағы салауатты ахуал – тиімді қызметтің кепілі

    1 / 2

    Талдықорған қаласының Полиция басқармасында жеке құрам арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға қызмет басшылары, бөлім жетекшілері мен кадр аппаратының мамандары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қызметтік жұмыстың өзекті мәселелерін, соның ішінде кәсіби күйзелістің алдын алу, психологиялық жүктемені азайту және ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыру жолдарын ашық талқылады.

    Әсіресе, қызметкерлер арасында салауатты қарым-қатынас орнату, өзара құрметті, жауапкершілік пен командалық рухты нығайтудағы басшылардың рөліне ерекше назар аударылды. Өйткені ішкі істер органдарындағы қызмет жоғары жауапкершілікті, төзімділікті және кез келген күрделі жағдайға дайын болуды талап етеді.

    Кездесу барысында қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтау және жеке құрамға қолдау көрсету әрбір бөлімшенің тиімді жұмысының маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді.

    Түптеп келгенде, өзара түсіністік пен тәртіпке негізделген ұйымшыл ұжым алға қойылған міндеттерді сапалы орындап, қала тұрғындарының құқықтық тәртібі, қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қабілетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары