1 / 2
Көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқару тек жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді.
Тек соңғы бір аптаның ішінде полиция қызметкерлері осындай 8 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Барлық материалдар сотта қаралды. Сот шешімдерімен құқық бұзушылар көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полицияның бұл бағыттағы жұмысы жалғасуда. Мұндай құқық бұзушылықтар анықталып, жолы кесілетін болады. Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге заң аясында қатаң шаралар қабылданады.









