ШАРДАРА АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

    1 / 12
    Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
    Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 30-бабына сәйкес аудандық әкімдікті аудан әкімі басқарады, ал аталған Заңның 33-бабында аудан әкімінің тиісті аумақтағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты өкілеттіктері айқындалған.
    Мәжілісте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рүстем Өмірбек пен Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Сабит Тасов атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндады. Аудан әкімі баяндамашылардың ақпараты бойынша сұрақтар қойып, алдағы жұмыстардың орындалу мерзімдерін нақтылады.
    Аудан әкімі өз құзыреті шегінде төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Осыған байланысты мәжілісте ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы мен алдағы міндеттерге ерекше назар аударылды.
    Сонымен қатар жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Нұрахов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асанбай Махашев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бахытжан Таласов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбақыт Нұрсейтов, жер қатынастары бөлімінің басшысы М. Исаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Абдразахов, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Айдаров, Шардара қаласының әкімі Досбол Жүсіпұлы өз құзыреттері шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
    Мәжілісте аудан әкімі бөлім басшыларына қарасты салалардағы өзекті мәселелерді атап өтіп, нақты міндеттер жүктеді. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, өз функцияларын лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға, қызметтік тәртіпті сақтауға және басшылардың заң шеңберінде берілген тапсырмалары мен нұсқауларын орындауға міндетті.
    Осыған байланысты жауапты бөлімдерге берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде және сапалы орындау, қабылданған шешімдерді іске асыру барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын қатаң басшылыққа алу тапсырылды.
    Мәжіліс барысында тапсырмалардың орындалуына жеке жауапкершілік мәселесіне де назар аударылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
    Аппараттық мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын белгіленген мерзімде қамтамасыз ету міндеттелді.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары