ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 6

    Шымкент қаласында «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығында азаматтарға құқықтық кеңес беруге бағытталған кездесу өтті.

    Іс-шара барысында азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаментінің, өкілі және адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы қатысты.

    Қатысушылар азаматтардың құқықтық мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап беріп, тараптар кабинеті, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар туралы қолданыстағы заңнама нормалары бойынша қажетті түсіндірмелер берді.

    Мақсатымыз — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың өз құқықтарын тиімді қорғауына қолдау көрсету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары