Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараға сот орындаушылары, заңгерлер, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, тұрғындарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берді.
Акция барысында азаматтардың өтініштері мен сұрақтары қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары түсіндірілді.
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың білікті құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.








