2026 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Досаева Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттерге дәріс өткізді.
Іс-шара барысында коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптары және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері түсіндірілді.
Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйымды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген нысанда өтініш беріліп, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты жарғы, құрылтайшылардың шешімі және заңнамада көзделген өзге де қажетті құжаттар ұсынылатыны айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болатыны түсіндірілді.
Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.








