Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №54 мекемеге барды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік жауапкершілікті арттыру.
Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының құқықтық салдарына назар аударуға, мемлекеттік қызметшілердің заң алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік қызметте заңдылықты сақтау, адалдық пен ашықтық құндылықтарын дәріптеу тұрғысынан маңызды.








