«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 5

    Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында М. Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты орнықтыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Нұрбек Жанұзақ және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің «Жастарды қолдау және стратегиялық даму» бөлімінің басшысы Арайлым Әлім қатысып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

    Кездесу «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын кеңінен түсіндіруге, жастардың құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігі, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

    Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары