16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жер қатынастары, мал шаруашылығы және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Тиісті мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің басшыларына өтініштерді жан-жақты зерделеп, заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ жауапты тұлғаларға өтініштердің қаралу барысын бақылауда ұстап, тұрғындарға қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар туралы уақтылы ақпарат беруді тапсырды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі









