Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жас ғалымдар шеберханасы» жобасының алғашқы оқыту күні өтті.
Алғашқы оқыту «Зерттеу дизайны» тақырыбына арналды. Спикер – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты «Zertteu Lab» зертханасының меңгерушісі Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы.
Оқыту барысында қатысушылар ғылыми зерттеуді жүйелі жоспарлау, зерттеу мәселесін айқындау, мақсат пен міндеттерді белгілеу, зерттеу сұрағы мен гипотезаны қалыптастыру, сондай-ақ зерттеу әдістерін дұрыс таңдау бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
Сонымен қатар зерттеу дизайнының негізгі түрлері, ғылыми жұмыстың құрылымы, деректерді жинау мен талдау тәсілдері және зерттеу кезеңдерін тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар практикалық мысалдар негізінде өздерінің зерттеу идеяларын талқылап, спикерден кәсіби ұсыныстар алды.
«Жас ғалымдар шеберханасы» жобасы жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу құзыреттерін арттыруға, академиялық дағдыларын дамытуға және ғылыми идеяларды сапалы зерттеу жобаларына айналдыруға бағытталған.









