Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    1 / 2

    ҚР әділет министрлігінде Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
    Шараға ғылыми және сарапшылық,
    қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім
    білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер және зияткерлік меншік объектілерін
    пайдаланушылар, сондай-ақ, Атырау облысы Әділет департаменті де онлайн түрде қатысты.
    Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа
    Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдігінің зияткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және оларды заңды түрде пайдалану үшін бағдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
    Тәжірибе алмасу практикалық қиындыктарды талқылаудан оларды шешу жөніндегі ұсыныстарға көшуге мүмкіндік берді.Қозғалған мәселелер қатарында құқықтық реттеудің жүйесіздігі және әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара
    үйлесімділігі болды. Халықаралық үрдістер мен цифрлық сервистердің
    дамуы ұлттық практикаға қатысты талқылауды
    толықтырды. Рәсімдерді өтініш берушілер үшін қолжетімді, ал құқық иеленушілермен өзара іс-қимылдық ашық ету мүмкіндіктеріне ерекше назар
    аударылды.
    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны кейіннен шоғырландыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары