1 / 3
Еңбекші ауылдық округінде 2026 жылдың 28 тамыз күні ауыл тұрғындары мен жастар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршамызға ортақ міндет» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара барысында аппарат қызметкері Бурибаева Ардақ Сайламбаевна сөз сөйлеп, адалдық, әділдік, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ой-пікірін ортаға салды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен жастар өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы адалдық пен әділдікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде өз ойларын білдірді.
Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін маңызды әрі мазмұнды болды.









