1 / 3
NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінде NEET санатындағы, яғни жұмыс істемейтін жастарды жұмыспен қамту мақсатында аулаларды аралау, тұрғын үйлерді толық қамту жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын бос жұмыс орындары, субсидияланатын жұмыс орындары мен жұмыспен қамту бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ауылдық округ аумағында уақытша жұмыссыз жүрген жастардың нақты санын анықтау, олардың қажеттіліктерін зерделеу және жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру көзделді.
Басты мақсат – жастарға қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және жұмыспен қамтуға ықпал ету.









