Абай облысының Мақаншы ауданында құрғақ шөп пен қамыстың жануы кезінде полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, ауыл тұрғындары мен олардың шаруашылықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесті.
Құтқарушылар отпен күресіп жатқанда, полицейлер жергілікті тұрғындармен байланыс орнатып, қалыптасқан жағдайды және өрт елді мекендерге жақындаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына эвакуацияның ықтимал бағыттары көрсетілді.
Шаруа қожалықтарының иелерімен бірге полиция қызметкерлері малды өрт аймағына түсіп қалмауы үшін қауіпсіз қорғандарға айдады.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес,
қазан айында Қабанбай ауылының маңында екі бөлек өрт оқиғасы тіркелген.
Бірінші өрт 19 қазанда ауылдан 15 шақырым қашықтықта болған. Өрт қамысты-батпақты алқаптың 1500 гектар аумағын шарпыған. Өрт 21 қазанда оқшауланды.
Екінші өрт 25 қазанда сағат 13:40-та «Ғарыш Сапары» АҚ-ның геосервисі арқылы жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Термо-нүкте Қабанбай ауылдық округінің аумағында, Қабанбай ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Құрғақ шөптің жану аумағы 60 гектарды құрады. Сол түні сағат 21:11-де өрт оқшауланды.
📍 Қазіргі уақытта оқиға орнында Мақаншы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік атқаруда.
Абай облысындағы өрт кезінде полицейлер тұрғындарға көмектесіп, малды қауіпсіз қораларға айдады
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММАшу
ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
ТЖМ-де қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Абай облысында гүл дүкеніне заңсыз кіріп, ұрлық жасаған 20 жастағы ер адам сотталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Алматы–Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Дрон камерасына түскен қоқыс үйіндісі: Абай облысында ауылдық округ әкімі жауапкершілікке тартылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
ҚАУІПСІЗ ЖОЛ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 1 162 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысында 1 389 күмәнді сайт бұғатталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу