Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
2026 жылдың 22 қазанында Семей қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік кызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары карай дамуына жол ашу.
Білім алушылар байкаудың 6 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша Абай облысы Аягөз ауданының қатысушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
- «Шешендік өнер және сөз сайысы» номинациясы бойынша «МЖИБЖОББ №6 мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Аманғали Мерей ІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Нокербекова С.К.
- «Көркемсөз оқу өнері» номинациясы бойынша «№1 ЖОББМ»КММ-нің 11-сынып оқушысы Каримбеков Таңатар ІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Аманбаева Г.О.
- «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Ерсайын Амина І дәрежелі диплом. Республикаға жолдама. Жетекшісі: Анкебаева А.М.
- «Ұлттық аспапта орындау» номинациясы бойынша «Е.Рахмадиев ат. ЖОББМ»КММ-нің 9-сынып оқушысы Мұратхан Кәусар ІІІ дәрежелі диплом Жетекшісі: Есимова Б.С.
- «Ақындар айтысы» номинациясы
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10-сынып оқушысы Мұхтар Кәусар І дәрежелі диплом. Республикаға жолдама. Жетекшісі: Бармашикова П.Ш.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер оқушылар марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Республикаға жолдама алған сайыскерлерге сәттілік тілейміз!









