ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.

    1 / 3

    2026 жылдың 13 қазанында «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.Бұл зияткерлік сайыс педагогтердің кәсіби дамуына, білім беру сапасын арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.Олимпиадаға аудан бойынша 39 педагог қатысты:химия пәні бойынша – 15 ұстаз;биология пәні бойынша – 17 ұстаз;химия-биология пәндері бойынша – 7 ұстаз.Сайыс барысында қатысушылар өздерінің пәндік білімдерін, кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетті.

    Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар:

    1. Чалгинбаева Назгүл – химия пәні, «Қ. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ;
    2. Кошкимбаева Назгүл – биология пәні, «Тарбағатай ЖОББМ» КММ;
    3. Тұрарова Жадыра – химия-биология пәндері, «№11 ЖОББМ» КММ.Жеңімпаз ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары