«ӘР БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

    1 / 4

    Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың қазан айының 14 күні «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – де «Әр баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау, сала мамандарының тәжірибесін ортаға салу, ата-аналарға нақты бағыт-бағдар беру және қауіпсіз тәрбиелік ортаны қалыптастырудағы ортақ жауапкершілікті нығайту. Дөңгелек үстелге Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев, оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері А.Е. Амреева, Э.С. Калиханова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата – аналар, сынып жетекшілер қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Аягөз аудандық дін зерттеу бөлімінің меңгерушісі Жанатаев Мұрат Жақсылықұлы, Аягөз аудандық орталық ауруханаға қарасты «Үміт» жастар орталығының салауатты өмір салты (ЗОЖ) маманы, психолог Ахметова Жадыра Болатбековна, Аягөз аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Каспи Назерке Кәдіржанқызы, Жастар ресурстық орталығының әдіскер маманы Динара Ерболқызы арнайы мамандар қатысты.

    Кездесу барысында төмендегідей өзекті тақырыптар қамтылды: Н.Азимбаев Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білім беру ұйымдары мен ата-аналардың ортақ жауапкершілігі, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері туралы айта келіп, педагогтарға бір қатар тапсырмалар берді. М.Жанатаев «Жасөспірімдерді діни радикалды ықпалдан қалай қорғаймыз?» тақырыбында баяндама оқып ата-аналарға арналған жадынамалар таратты. Ж.Ахметова «Баланың денсаулығы – басты құндылық: медициналық қауіпсіздік және алдын алу. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды ақпараттар ұсынып, қатысушылармен тренинг жүргізіп, жадынама ұсынды. Н.Каспи «Жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі: құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері мен жауапкершілігін түсіндірді. Д.Ерболқызы «Қауіпсіз орта – тиімді бос уақыт: жастарды қолдаудың мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлеп, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, пайдалы бастамаларға тарту, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру мүмкіндіктерімен бөлісті. Кездесу барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір ғана мекеменің міндеті емес, барлық тараптың үйлесімді әрекетін талап ететін ортақ жұмыс екені айқындалды. Әрбір ата-ананың баласымен ашық қарым-қатынас орнатуы, оның мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуы, ал мектеп пен тиісті мекемелердің өзара ынтымақтастықта әрекет етуі – қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы негізгі бағыт екені жеткізілді.

    Дөңгелек үстел соңында әдіскер А.Амреева келген қонақтарға алғыс білдіріп, бірлескен іс-қимыл мен ортақ мақсат арқылы ғана әр балаға қауіпсіз, қолайлы әрі сенімді орта қалыптастыра аламыз деп түйіндеп, іс-шара ұйымдастырушы «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің директоры Қ. Тастанбековке және мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары