Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 9 қазанда «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «ИНКЛЮЗИЯ: ҚҰЖАТТАН — ӘРЕКЕТКЕ, ӘРЕКЕТТЕН — НӘТИЖЕГЕ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж. Маликова, әдістемелік кабинетінің әдіскерлері А.Амреева, Э.Калиханова, педагогтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, дефектологтар қатысты.
Семинардың мақсаты: Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін тәжірибе арқылы көрсету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы білім алуға қолайлы орта қалыптастыруда әкімшілік, педагог, психолог және тәрбие қызметінің өзара кәсіби ынтымақтастығын нығайту. Нормативтік талаптарды нақты мектеп тәжірибесіне енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасу. Күн тәртібінде: OPEN SCHOOL: «Мектепішілік бақылау жүйесінде инклюзивті білім беруді басқару» тақырыбында білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова, «Инклюзивті орта құру: нормативтік және практикалық қадамдар» тақырыбында «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісінің меңгерушілері С.Ешенгалиева, А.Нұрқамбаева, А.Анкебаева, «Заң және тәртіп – инклюзивті білім берудің негізі: әр баланың құқығы мен тең мүмкіндігін қамтамасыз ету» «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісінің меңгерушісі А.Жумангазина, «Инклюзивті орта – әр балаға мүмкіндік: тәрбие жұмысының жаңа бағыты» тақырыбында «Е.Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Таирбекова коучингтар жүргізді. Сонымен қатар, «М дыбысы мен әрпі» тақырыбында педагог-сарапшы санатындағы бастауыш сынып мұғалімі А.Лебаева, «10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. Күзгі кеппешөп» тақырыбында педагог санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Т.Сүйеубергенова, «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында педагог санатындағы бастауыш сынып мұғалімі А.Төкенова ашық сабақтары өткізілді. «№1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Н.Рахимжанова Workshop «Бір сабақ-әр бала:тапсырманы бейімдеу, саралау және бағалау»тақырыбында шеберлік сағатын, «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің педагог-психолог М.Бекежанова «Қабылдау. Түсіну. Қолдау — инклюзиядағы психологиялық қолдау» тақырыбында, «№5 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ педагог-дефектологы Э.Агиязова Эльвина «Заманауи цифрлық технологиялар–дефектологтың түзете-дамыту жұмысындағы тиімді құрал» тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Маликова қорытындылап, бүгінгі өзекті тақырыптар білім мекемелерінде инклюзивті және арнайы білім ЕБҚ оқушылармен жұмыс барысында басшылыққа алуды тапсырды.
Семинарда өз іс – тәжірибесімен бөліскен педагогтарға Аягөз аудандық білім бөлімінің тарапынан сертификаттар табысталды. Семинарды ұйымдастырушы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жарова Назигуль Муратбековнаға және мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.









