ҚАЛАМЫЗДА АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ!

    ҚАЛАМЫЗДА АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ!

    7-9 қазан күндері ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтуде.
    Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
    Білім додасына Аягөз ауданына қарасты 24 мектебінен бірінші кезеңінен өткен 363 оқушы қатысады.Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ауа-райы жағдайы қатаң қадағалануда.
    Бұл кезең - оқушылардың білімін сынап, өз қабілеттерін көруге мүмкіндік беретін маңызды баспалдақ.
    Олимпиада 13 пән бойынша өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 6 пән бойынша қатысушыларға 90 минут, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша 60 минут уақыт беріледі.
    Білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев және білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Ы. Маликова, әдіскер Б.М.Жақсыбаева барлық қатысушыларға жоғарғы нәтиже, жаңа белестер мен сәттілік тіледі.
    Қазан айының 7-күні кестеге сәйкес информатика пәнінен 28 оқушы, физика пәнінен 19 оқушы, химия пәнінен 21 оқушы, география пәнінен 44 оқушы қатысуда.
    Білім бәйгесінде жеңіс тұғырынан көрініңіздер!
    Білім алушыларға сәттілік тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары