
2026 жылғы 18 қыркүйек күні «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық ІХ Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Президенттік олимпиада – білім алушылардың пәндік білімін тереңдетуге, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға бағытталған маңызды білім сайыстарының бірі.
Білім додасына аудан мектептерінен барлығы 18 оқушы қатысып, өздерінің пәндік білімдері мен білімді қолдану, логикалық ойлау және талдау қабілеттерін сынады. Олимпиада барысында қатысушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сарапқа салды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
Аудандық кезеңге қатысқан барлық оқушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіре отырып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!








