Республикалык "Мағжан окуларының" аудандык кезеңі

    1 / 5

    2026 жылы 16 қарашадаАягоз аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес«Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-де республикалык Мағжан окуларының аудандык кезеңі болып өтті.

    Мақсаты:Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Мектеп оқушыларыныңқазак халкының әдеби мұраларын, классикалык әдеби шыгармаларын оқуға деген қызыгушылықтарын арттыру.

    Мағжан оқулары төрт номинация бойынша өткізілді:

    1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы (Қатысушы өзі жатқа білетін Мағжан шығармаларының тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет)

    2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы - ғылыми жоба жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)

    3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы - жас дарындар конкурсы. (Өз шығармаларын орындау, қатысушы өз шығармаларының жинағын конкурс басталғанға дейін тапсыруы тиіс)

    4.«Бәрінен де сен сұлу» номинациясы. (Мағжанның әндерін орындау шеберлігі бағаланады).

    Байқаудың ашылуы оқушылардың орындауындағы ақынның шығармашылығына арналған сахналық көрініспен басталып,«Мен жастарға сенемін!» өлеңінен әдеби монтаж оқылды. Сондай-ақСерікова Айнұрдың орындауындағыақынның «Сен сұлу» әнімен жалғасын тапты. Бұдан соң байқаудың номинацияларымен және оған төрелік ететін әділқазы мүшелерімен таныстырылды. Білім бөлімінің әдіскеріБ бигуль Мырзабекқызықатысушылардыбайқау ережесімен таныстырып, сәттілік тіледі.

    Байқау нәтижесінде

    «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша

    І орынБолат Ақбота«№5 ЖОББМ» КММЖетекшісі: Г.М. Сабырбекова

    «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясы бойынша

    І орынДүйсембекова Еркежан«№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

    Жетекшісі: А.Т. Малгеждарова

    «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша

    І орынСембеков Қуаныш«Ш.Уалиханов атындағы ЖОББМ» КММ

    Жетекшісі: П.Т.Султанова

    «Бәрінен де сен сұлу» номинациясы бойынша

    І орынЕсенгельдина Кәусар«№3 ЖОББАМ» КММЖетекшісі: М.Садуақасов

    Байқау жеңімпаздарын және жетекшілерін құттықтаймыз! Облыстық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары