20 қазан 2026 жылы ауданымыздың "№ 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі"КММ-де жас лингвистер мен тіл жанашырларының басын қосқан лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Интеллектуалды жарысқа ауданымыздың мектептерінен ең дарынды және тіл біліміне қызығушылығы жоғары оқушылар қатысып, бақ сынасты.
Олимпиаданың басты мақсаты — мектеп оқушыларының лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарын тануға деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар бейтаныс тілдердің грамматикалық жүйесін, жазу үлгілерін және сөзжасам құрылымдарын тауып, өздерінің аналитикалық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен № 4 ЖОББМ 8 класс оқушысы Нұрланұлы Еркебұлан - 1орын; "Д.Бабатайұлы атындағы ЖОББМ"КММ 9 сынып оқушысы Асхат Айару - 1орын; "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы"КММ 10-сынып оқушысы Нурмухамбет Нұрай; №4 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Ербатыр Нұрсұлу оқушыларымыз облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларды жоғары белсенділіктерімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын жас лингвистерге сәттілік тілейміз!








