Білім беру ұйымдарындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу

    1 / 2

    Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 30 қазанда «Білім беру ұйымдарындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы педагог-психологтарға әдістемелік отырыс өтті.

    Күн тәртібінде: Аягөз аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің психолог әдіскері А.Е Амреева «Білім беру ұйымдарындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс алгоритмі», Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы №170 Бұйрық негізінде түсіндіру жұмысын жүргізді. №8 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог-психологы А.Д.Нурсеитова балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жұмыс топтамаларымен таныстырды.

    Диагностикалар күнтізбесі:психодиагностикалық жұмысты жоспарлау, жүргізу және сүйемелдеу» тақырыбында «Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-нің педагог-психологы Р.А Смаилов өз іс – тәжірибесімен бөлісті. «Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие берудің психологиялық аспектілері» тақырыбында "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі" КММ-нің педагог – психологы М.Б Даукенова баяндама оқыды. Әдістемелік отырыс барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, профилактикалық жұмыстардың өзекті мәселелерін талқылады және кәмелетке толмағандарға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын айқындады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары