Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 5
29–30 қазанда Сеул қаласында (Корея Республикасы) Азия орман ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Ассамблеясының 15-сессиясы өтті. Халықаралық жиынға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесуде ормандарды орнықты басқару, инвестициялар тарту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Қазақстанда көміртегі жобалары іске асырылады
UNIDBT Plus компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстан аумағында көміртегі жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.
2027 жылы бастау жоспарланған жобалар орман шаруашылығына қосымша инвестиция тартуға, орман алқаптарын ұлғайтуға және парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға мүмкіндік береді.
Орман зиянкестерімен күресте жаңа технологиялар енгізіледі
Ассамблея Қазақстанның энтомофагтар зертханасын құру және ормандарды биологиялық қорғауды дамыту жөніндегі жобасын мақұлдады.
2027–2030 жылдары арнайы зертхана құрылып, орман зиянкестерінің табиғи жаулары – энтомофагтарды көбейту, орман мониторингін жетілдіру және биологиялық қорғау әдістерін енгізу көзделген.
Сондай-ақ зақымданған сүректі қауіпсіз көму технологиялары сынақтан өткізіледі. Бұл химиялық препараттарды қолдануды азайтып, орман экожүйелерінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Орталық Азия елдері күш біріктіреді
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның қатысуымен қорғаныш орман екпелерін құру және агроорман шаруашылығын дамыту бойынша бірлескен гранттық өтінім дайындау мәселесі талқыланды.
Бастама шөлейттенуге қарсы күресуге, жердің тозуын болдырмауға және ауыл шаруашылығы аумақтарының климат өзгерісіне төзімділігін арттыруға бағытталған.
AFoCO-ның келесі арнайы сессиясы Қазақстанда өтеді!
Ассамблеяның шешімімен 2027 жылдың көктемінде келесі арнайы сессия Қазақстанда ұйымдастырылады.
Бұл еліміздің орман шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды дамытуға жол ашады.

Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.