Түркістан облысы Кентау қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Шаш-төбе», «Қашқари», «Қарнақ» ЖОМ оқытушы және жастар құрамы, «Кентау қалалық оқушылар үйінің» ұжымы және «Политехникалық колледжінің» жастарымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында «Заң, қауіпсіздік, болашақ!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан облыстық ақпараттық насихаттық тобының, аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының жауапты мүшелері қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты –білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылары арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, алауыздық пен теріс ағымдардың алдын алу болып табылады.
Кездесуде интернеттегі радикалды мазмұнды ақпараттарға ұшырамау жолдары, экстремизм мен терроризмнің белгілері, түрлері және зардаптары туралы сөз қозғалды және түрлі әлеуметтік желілерде таралатын теріс контенттердің қалай танылатынын және оған қарсы қандай әрекеттер қолдануға болатынын түсіндірді.
Экстремистік және террористік идеологиялардың қоғамға қауіптілігі, жастарды арбау тәсілдері, олардың ұлттық құндылығымызға тигізетін кері әсері, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге қатысудың салдары, қауіпсіздік шараларын сақтау және қоғам алдында әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде таралатын жалған үгіт-насихат пен радикалды идеялардан сақтану жолдары туралы сөз қозғалды.
Спикерлер кез-келген ақпараттарды алу барысында тек расталған парақшалардан ғана алуға болатындығын жеткізіп, ең алдымен ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізуге шақырды.
Тұрғындар және жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды.
Кездесуге барлығы 200-ге жуық оқушылар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









