Шымкентте халық арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

    Сайрам тұрғын алабында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеуге және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Іс-шараға ауыл ақсақалдары, билер, аналар кеңесінің мүшелері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.

    Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардарлығын арттыру, азаматтардың, әсіресе жастардың радикалды діни ағымдарға тартылуының алдын алу, діни иммунитетті қалыптастыру, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту.

    Іс-шара барысында «Ақниет» қоғамдық қорының қалалық филиалы бөлімінің жетекшісі, теолог Ф. Тайтелиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С. Жанболатов, М. Әуезов атындағы университеттің заң факультеті халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е. Бекбосынов сөз сөйледі.

    Спикерлер ұлттық құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесіндегі дәстүрлі дүниетанымның рөлі және радикалды діни көзқарастардың таралуына байланысты қауіптер туралы халықты хабардар етті. Сондай-ақ, радикалды ықпалдың белгілерін дер кезінде анықтау, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және азаматтардың экстремистік әрекеттерге тартылуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, халықтың діни сауаттылығын арттыру және жастардың радикалдануына жол бермеу ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды бағыттары болып қала береді.

    Осындай кездесулер азаматтардың экстремистік идеяларға деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

    Материал Шымкент қ. ТҚКақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары