Дұрыс ілім тура жолға сілтейді

    Отырар ауданы «Талапты», Шардара ауданы «Көксу» және «Ұзын ата» ауылдық округтері әкімдігінің қызметкерлеріне «Дұрыс ілім тура жолға сілтейді!» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары мен ақпараттық насихаттық топ мүшелері арнайы қатыстырылды.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында экстремизм мен терроризм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және таралуына жол бермеу, олардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру болып табылады.

    Кездесуде спикерлер қазіргі әлемде экстремизм мен терроризмнің таралу тәсілдерінің күрделене түскенін, оның ішінде ақпараттық кеңістік арқылы әсер етудің күшейгенін баса айтты.

    Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Тұрдыбек өз баяндамасында: «Экстремизм мен терроризм бұл тек бір реттік қылмыс емес, ол – жүйелі түрде қоғамның ішінен іріткі салатын қауіп. Қазіргі террористік ұйымдар тек бомба арқылы ғана емес, жалған ақпарат арқылы да қоғамға қауіп төндіреді.

    Терроризмге қарсы иммунитет – бұл ұжымдық жауапкершілік пен ашық диалог. Мемлекеттік қызметкер ретінде біз бірінші кезекте өзімізден бастап, айналамызға үлгі болуымыз қажет», - деп атап өтті.

    Сондай-ақ, терроризм профилактикасы аясында қызметкерлерге экстремизм мен терроризмнің ерекшеліктері, оларды тану белгілері мен әлеуметтік желілерде жүргізілетін үгіт-насихаттың ықпалы жайлы түсіндірілді.

    Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары