2026 жылғы 20 қазанда Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56А мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындардың үшінші жалпы жиналысы өтті.
Жиналысқа «Есіл қаласының әкімдігі аппараты» ММ, «Есіл ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ және жылу беруші ұйым — «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК өкілдері қатысты.
Тұрғындармен екінші жиналыс жылыту маусымы басталмай тұрып өткізілген болатын. Осылайша, үйдің жылыту жүйесінің қалыпты жұмысы мәселесі алғаш рет талқыланып отырған жоқ.
«Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК мамандары үйішілік жылыту жүйесіне тексеру жүргізді. Оның жекелеген бөліктерінде гидравликалық параметрлердің теңгерімсіздігі бар екені анықталды.
Жылу тасымалдағышты жүйенің түрлі учаскелері арасында бөлуді теңестіру үшін мамандар теңгеру шүмектерін орнатып, кейін жүйені реттеуді ұсынды. Бұл гидравликалық жүктемелерді реттеуге және жылуды үй бойынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.
Алайда тұрғындардың бір бөлігі ұсынылған техникалық шешімді қолдамайды және мамандардың ұсынымдарын орындамайды.
Сонымен қатар мынаны түсіну қажет: көппәтерлі үйдің жылыту жүйесі — жекелеген пәтерлердің жиынтығы емес, біртұтас жүйе.
Өкінішке қарай, мұндай мәселе бір үйге ғана тән емес.
Көбінесе жоғарғы қабаттардың тұрғындары жылыту жүйесінен ауаны уақтылы шығармайды. Соның салдарынан жылу тасымалдағыштың қалыпты айналымы бұзылады, бұл басқа да, оның ішінде төменгі қабаттардағы пәтерлердегі температураға әсер етуі мүмкін.
Тағы бір мәселе — үйішілік жылыту жүйесін өз бетінше өзгерту. Біреулер қосылу схемасын өзгертеді, біреулер қосымша радиаторлар орнатады, біреулер мұндай өзгерістердің көрші пәтерлерге және жалпы жүйенің жұмысына қалай әсер ететінін ескермей, дәл өз пәтері үшін жылытуды барынша жайлы етуге тырысады.
Әркім ортақ жүйені тек «өзіне» қарай реттей бастағанда, бүкіл үй зардап шегеді.
Дәл осындай жағдай, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Жеңіс көшесі, 56А мекенжайы бойынша орналасқан үйде де байқалады. Кейбір тұрғын үй кіреберістерінде температуралық режим неғұрлым жайлы, ал басқа пәтерлерде тұрғындар жылытудың жеткіліксіздігіне тап болады.
Мұндапәтериелерініңғанаемес, «ЕсілауданыныңТКШ,ЖК,АЖжәнеТИбөлімі»ММ-ніңдекөппәтерлітұрғынүйлердіңортақмүлкінбасқаружай-күйіненазараударғаныжөн.
Үйді тиісті түрде бірыңғай басқарудың болмауы, үйішілік инженерлік жүйелердің келісілмеген өзгерістері және мамандардың техникалық ұсынымдарының орындалмауы ақыр соңында тұрғындардың бір-біріне, жылу беруші ұйымға және мемлекеттік органдарға наразылық білдіруіне әкеп соғады.
Бұл ретте мәселені шешу техникалық талаптарды қарапайым сақтаудан және үйішілік жылыту жүйесі бүкіл үйдің ортақ жүйесі екенін түсінуден басталуы тиіс.
Есіл қаласының барлық көппәтерлі үйлерінің тұрғындарына жүгінеміз:
·Бүкіл үй үшін салдарын түсінбей, жылыту жүйесін жаппаңыздар және өзгертпеңіздер.
·Егер жүйеде және техникалық талаптарда көзделген болса, жылыту аспаптары мен тіреуіштерден ауаны уақтылы шығарыңыздар.
·Жылу беруші ұйым мамандарының ұсынымдарын тыңдаңыздар.
·Жылытуға қатысты мәселелер туындағанда, себебін тек өз пәтеріңізден ғана емес, бүкіл үй жүйесінен іздеу қажет.
Ең бастысы — пәтер иелері үйдің ортақ мүлкін ұстау жөніндегі өз жауапкершіліктерін түсініп, шешімдерді тек жекелеген пәтердің мүддесіне ғана сүйенбей, бірлесіп қабылдауы тиіс.
«Есіл қаласының әкімдігі аппараты» ММ және «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» мамандары өз тарапынан тексеруге және техникалық мәселелерді түсіндіруге қатысуға дайын.
Алайда үйдің өзінде тиісті басқару және техникалық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмесе, көп пәтерлі үйді тұрақты жылумен жабдықтауды тек жылу беруші ұйымның күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес.
Үйдегі жылу — ортақ жүйе және ортақ жауапкершілік.
Пәтерде суық болғанша күтіп, содан кейін кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Мәселені қазір — пәтер иелерімен, мамандармен және үйді басқарушы тараппен бірлесіп шешу қажет.









