ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

    1 / 13
    25 қазанда Түркістан қаласында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын бесінші Turkistan Marathon халықаралық жүгіру жарысы өтеді. Республика күніне орай ұйымдастырылатын спорттық шараға әлемнің 20-дан астам елінен 3 000 қатысушының келуі күтілуде.
    Жарыстың сөресі мен мәресі Karavan Saray кешенінің маңында орналасады. Қатысушылар марафон (42,2 км), жартылай марафон (21,1 км), 10 км жүгіру, 10 км скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 3 км қашықтық бойынша бақ сынайды.
    Халықаралық марафон Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, қала экономикасының дамуына серпін береді. Іс-шараға қатысушылармен бірге олардың туыстары мен достары да келіп, өңірдің тарихи-мәдени орындарымен танысуға мүмкіндік алады.
    Айта кетейік, Turkistan Marathon халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енгізілген. Жарыс трассасы World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
    Жарысқа тіркелу almaty-marathon.kz сайты арқылы жүргізіледі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары