ҚАЛА КҮНІ АЯСЫНДА «ДИУАНИ ХИКМЕТ» АЙМАҚТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    1 / 22
    Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қала күні аясында «Диуани хикмет» аймақтық байқауы өтті. Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған сайысқа Түркістан қаласы мен өзге өңірлерден 36 үміткер қатысты.
    Байқаудың мақсаты – Ясауи хикметтерін насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру және рухани танымын қалыптастыру.
    Сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар хикметтерді жатқа айтып, мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Сондай-ақ ойшылдың өмірі мен шығармашылығы және Түркістанның тарихи-мәдени мұрасы бойынша сұрақтарға жауап берді.
    Кіші топта бас жүлдені Түркістан қаласындағы №5 мектептің 6-сынып оқушысы Раяна Алякбар иеленді. Үлкен топта бас жүлде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 5-курс студенті Солихабону Хавасхоноваға берілді.
    Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен арнайы номинация иегерлері марапатталды. Іс-шара Ясауи мұрасын ұлықтап, жастардың рухани және мәдени танымын дамытуға бағытталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары