1 / 11
Бүгін Түркістан қаласында «Туған өлке тағылымы» ІІ аймақтық ғылыми конференциясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен жас зерттеушілер қатысты.
Конференцияның мақсаты – туған өлкенің тарихын терең зерделеу, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру.
Ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысушыларды конференцияның ашылуымен құттықтап, Түркістанның тарихи мұрасын зерттеу мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар туған өлке тарихына қатысты деректерді жинақтау, ел жадындағы құнды әңгімелерді сақтау, көпшілікке беймәлім тарихи тұлғалар мен мұраларды таныту, тарихи орындарды насихаттау және өңірдің туристік әлеуетін зерделеу бағытындағы зерттеулердің өзектілігі атап өтілді.
Қала әкімінің орынбасары жас зерттеушілерге ізденістеріне сәттілік тілеп, олардың ғылыми жұмыстары Түркістанның тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен танытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына, білім саласының өкілдері мен жас зерттеушілерге жетекшілік еткен ұстаздарға алғыс айтты.
Конференция туған өлкенің тарихын зерделеуге, ғылыми ізденістерді дамытуға және тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.









