Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Муниципалитет министрімен кездесті

    1 / 2

    Доха, 18 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Муниципалитет министрі Абдулла бен Хамад бен Абдулла Әл-Аттыйямен кездесу өткізді.

    Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

    Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, екіжақты уағдаластықтарды іске асыру, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары