«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ»

    1 / 3

    Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіне қарасты №39 Т. Айбергенов атындағы жалпы орта мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесуге мектеп әкімшілігінің өкілдері, сынып жетекшілері, оқушылар, аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны А. Алдамжаров және Жастар ресурстық орталығының инспекторы А. Сейдуәлі қатысты.

    Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, интернет қауіпсіздігі және кибербуллингтің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылды.

    Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат алды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оларды заңды құрметтеуге тәрбиелеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.



    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары