Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

    1 / 4

    Ереванда өтіп жатқан КС-17 конференциясы аясында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев NBSAP Accelerator Partnership серіктестігінің жаһандық үйлестірушісі міндетін атқарушы Джеймисон Эрвинмен кездесті.

    Кездесуде Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру және 2027 жылға арналған ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

    Қазақстан 2024 жылдан бері аталған серіктестікке қатысады. Осы аяда Үндістанмен жолбарыс популяциясын тұрақты басқару бойынша тәжірибе алмасу жобасы жүзеге асырылуда.

    Тараптар жануарлар дүниесін қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, сирек түрлерді қайта жерсіндіру, экологиялық дәліздерді сақтау және экотуризмді дамыту мәселелеріне назар аударды.

    Джеймисон Эрвин Қазақстанның жабайы жануарлар популяциясын қалпына келтіру бағытындағы жетістіктерін атап өтіп, халықаралық қаржыландыру тетіктері арқылы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін ұсынды.

    Кездесу қорытындысында тараптар нақты іс-шаралар мен мерзімдерді қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және іске асыруға келісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары