ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕКСҰЛТАН ҚҰЛМЫРЗА АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    Түркістандық балуан Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетуде.

    Пара дзюдодан J2 санаты бойынша 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық Бексұлтан Құлмырза финалдық белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ким Дон Хунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

    Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының 150 параспортшысы спорттың 12 түрінен бақ сынап жатыр.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары