Доха, 25 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бен Әли Әл-Маннаимен кездесу өткізді.
Министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық саладағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар цифрландыру және телекоммуникация салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылады.








