Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібіне аудан аумағында заңсыз және тиісті құжаттарсыз салынған нысандарды анықтау, сондай-ақ «Жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы мәселелер енгізілді.
Алғашқы мәселе бойынша Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сұлтанмурат Нұрмухаммед баяндама жасады. Ол аудан аумағындағы заңсыз құрылыс нысандарын анықтау бағытында жүргізілген жұмыстар мен мұндай нысандарға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпарат берді. Құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізу, қажетті құжаттарды рәсімдеу және сәулет-қала құрылысы нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
Мәжілісте «Жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Әбу Абзал Бахытұлы мекеменің тоғыз айдағы жұмыстары бойынша есеп берді. Баяндамада жол саласына қатысты атқарылған жұмыстар мен мекеменің негізгі қызмет бағыттары қамтылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала өкілдерінің есептері тыңдалып, аудан аумағындағы құрылыс нысандарының заңдылығын бақылау және жол қызметінің жұмысын жүйелі ұйымдастыру бағыттары талқыланды.







