САУРАНДА АРХИВ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

    Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудандық мемлекеттік архивтің қызметін ұйымдастыру және мекемелердің құжаттарын архивке өткізу мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда жаңадан құрылған архивтің жұмысы, құжаттарды қабылдау мен сақтау, мемлекеттік мекемелерге әдістемелік көмек көрсету бағыттары қаралды.
    Аудан әкімінің бастамасымен ұсынылған «Сауран аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы №102 қаулысына сәйкес құрылды. Мекеме С. Тоймахан көшесіндегі 32Б ғимаратында орналасқан. Архивті толықтыру көздері ретінде 39 мемлекеттік мекеме белгіленген.
    Ұсынылған мәліметке сәйкес, ауданға қатысты тұрақты сақталатын құжаттар Кентау өңірлік мемлекеттік архивінде, ал жеке құрам жөніндегі құжаттар Түркістан қалалық мемлекеттік архивінде сақтаулы. Аудандық архивтің құрылуы жергілікті мекемелердің құжаттарын бір орталыққа жинақтап, олардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Жиында мекемелердің құжаттарын ретке келтіру, істер номенклатурасын әзірлеу және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу мәселелеріне назар аударылды. Бұл жұмыстар ауданның құжаттық қорын қалыптастыруға, тарихи деректерді сақтауға және азаматтардың архивтік мәліметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
    ©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сауран ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары