Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі
1993 ж. 1 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.
ҚР-ның ҚМ-гі Елшілігі 2007 ж. мамыр айында ашылды. 2020 ж. қыркүйектен бастап ҚР-ның ҚМ-гі Елшісі А. Исағалиев.
ҚМ-нің ҚР-ғы Елшілігі 2008 ж. наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. 2019 ж. қазаннан бастап ҚМ-нің ҚР-ғы Елшісі Әбделазиз бен Султан Әл-Румейхи.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Қатардағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Қатардағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Қатармен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Қатармен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының Қатармен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.
Жаңалықтар
АшуАУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
АшуАукцион өткізу туралы хабарландыру
АшуАУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
АшуҚазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрімен кездесті
АшуҚазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Әлеуметтік даму және отбасы министрімен кездесті
Ашу