АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    1 / 12

    Сауда-саттықты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі (заңды мекенжайы: Доха қ., №66 аймақ, №813 көше, №107 ғимарат) қызметтік автокөлікті сату бойынша қайталама ашық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Сауда-саттықты өткізу әдісі: бағаны төмендету әдісімен.

    Аукцион өтетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 27 қараша, сағат 11:00-де, мекенжайы: Доха қ., №66 аймақ, №813 көше, №107 ғимарат.

    Сату объектісі туралы мәліметтер (Лоттар):

    №1 Лот:

    • Жеңіл автокөлік

    • Маркасы: Nissan Patrol

    • Түсі: Қоңыр.

    • Шығарылған жылы: 2015 ж.

    • Жүрілген жолы: 358 383,00 км.

    • Қозғалтқыш көлемі / Беріліс қорабы: бензин, автоматты беріліс қорабы.

    • Жалпы жағдайы: техникалық ақаусыз, жөндеуді қажет етпейді.

    • Бастапқы бағалау құны: 7 682,45 (жеті мың алты жүз сексен екі доллар 45 цент) АҚШ доллары.

    • Бастапқы бағасы (коэффициент 3): 23 047,35 (жиырма үш мың қырық жеті доллар 35 цент) АҚШ доллары.

    • Ең төменгі баға (бастапқы бағалау құнының 70%-ы): 5 377,72 (бес мың үш жүз жетпіс жеті доллар 72 цент) АҚШ доллары.

    • Кепілдік жарна (бастапқы бағалау құнының 15%-ы): 1 152,37 (бір мың бір жүз елу екі доллар 37 цент) АҚШ доллары.

    • Бағаны төмендету бойынша аукцион қадамы: ағымдағы бағаның 5%-ы.

    Қатысу шарттары және өтінімдер беру тәртібі:

    1. Аукционға уақтылы өтінім берген және кепілдік жарнаны енгізген жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

    2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Доха қ., №66 аймақ, №813 көше, №107 ғимарат.

    3. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 26 қараша, сағат 17:30-ға дейін.

    4. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.

    5. Жеңімпаздың кепілдік жарнасы автокөліктің сатып алу құнының есебіне жатқызылады. Қалған қатысушыларға жарналар 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

    6. Қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мына құжаттарды тапсыру қажет:

      • Белгіленген нысан бойынша өтінім;

      • Жеке тұлғалар үшін — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Заңды тұлғалар үшін — заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Қатар заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

      • Кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.

    7. Сауда-саттыққа қатысушылар кепілдік жарнаны төлемес бұрын және өтінімдерді бермес бұрын осы хабарландырумен, шарт жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жағдайын қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті қандай да бір жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдардан, тіркеуді немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты өзге де шығыстардан босатуды сұрай алмайды.

    8. Егер сауда-саттық жеңімпазы шарт талаптарын белгіленген мерзімде орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және енгізілген кез келген төлемдер, оның ішінде кепілдік жарна қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударғаны үшін банк комиссиясы сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылмайды. Сауда-саттықта сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген басқа нысандарына қатаң тыйым салынады.

    Кепілдік жарнаны аударуға арналған деректемелер:

    • Алушы: Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі

    • Мекенжайы: Доха қ., №66 аймақ, №813 көше, №107 ғимарат

    • Есеп айырысу шоты (IBAN): QA96 QNBA0000 0000 0027-013717-052

    • Алушы банкі: Qatar National Bank (QNB)

    • SWIFT: QNBAQAQAXXX

    • Төлем мақсаты: № (нөмірін көрсету) Лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

    Сатып алушының міндеттері және автокөлікті алу:

    • Ең жоғары баға ұсынған сатып алушы сауда-саттық аяқталғаннан кейін дереу Аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға міндетті.

    • Сатып алушы автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.

    • Меншік құқығын қайта ресімдеу, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.

    Мүлікпен танысу және байланыс деректері:

    • Автокөліктің техникалық жағдайымен, құжаттар топтамасымен танысуға және өтінім бланкісін алуға болатын мекенжай: Доха қ., №66 аймақ, №813 көше, №107 ғимарат.

    • Анықтама телефоны: +974 7145 48 42

    • Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары